Шығыс Қазақстан облысында алдағы шомылу маусымында 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынды

184

Жалпы өңір бойынша жаппай демалуға арналған 22 учаске бекітілген. 

Шығыс Қазақстан облысында алдағы шомылу маусымында 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынды Фото: SOZmedia

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының айтуынша, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес өңір бойынша жаппай демалуға арналған 22 учаске бекітілген. Оның ішінде 1 муниципалды (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық (Өскемен қаласы - 2, Риддер қаласы – 1, Алтай ауданы – 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) бар.

"Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 учаске және шағын көлемді кемелердің жүзуіне тыйым салынған 29 учаске бекітілді. Өткен жылдың шомылу маусымын талдау кезінде аймақтағы адамдардың суға батуының негізгі себебі өз күшін асыра бағалау екендігі анықталды", - дейді Қуатбек Кенжебекұлы.

Былтыр барлығы 6 адам суға кеткен. Барлық жағдай шомылуға жабдықталмаған жерлерде болды. Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батқан.

Осы жылы шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайлардың түбін тексеру, ескерту белгілері, үгіт-насихат стендтерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу