Шығыс Қазақстан облысында 6 орман және 12 дала өрті сөндіріліп жатыр

227

Өңірде құрғақ және ыстық ауа райының басым болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда. 

Шығыс Қазақстан облысында 6 орман және 12 дала өрті сөндіріліп жатыр Фото: obvk.kz

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі бүгінгі күні облыста 6 орман өрті тіркелгенін, оның аумағы 0,3 гектарды құрайтынын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірде 39,4 гектарды қамтыған 12 дала өрті тіркелді.

Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ШҚО ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын 50 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

"Уақытылы жүргізілген алдын алу шараларының арқасында топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықтады. Қазір облыста Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәреже – Өскемен, Риддер, Күршім ауданы және Самар өңірінде", – делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы" қаулысы бар.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

  • арнайы өрт режимі кезінде ормандарда болуды шектеңіз;
  • ашық отпен абай болыңыз;
  • отын жағуға болмайды;
  • шөпті күйдірмеңіз;
  • өрт анықталса, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу