Шығыс Қазақстан облысында астық тиелген элеватор өртенді

606

Кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар.  

Шығыс Қазақстан облысында астық тиелген элеватор өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна астық сақталған элеватордағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шыққан.

“Кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар. 

Өрттің алдын ала ауданы 250 ш.м. Жедел түрде ауданның күштері мен құралдары өрт орнына жөнелтілді”, – делінген ақпаратта.

ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника және Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылғанын атап өтеді.

Өрт орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу