Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдігі 6 жер телімін заңсыз үлестіріп жіберген

1215

Бұл факт 2021 жылы жүргізілген аудит кезінде анықталды.   

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдігі 6 жер телімін заңсыз үлестіріп жіберген

Қазіргі кезде сот жалпы алаңы 9 445,0 га жер учаскелерін ЖШС-лардың бірінің жалға алуы бойынша келісімшартын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Даудың басы Шығыс Қазақстан облысы Бородулихин ауданы Мехайличенково ауылындағы (бұрынғы Заря колхозы) жүзге жуық тұрғынының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөліміне жазған өтініштерінен басталды. 

Ауыл халқы 6 жер телімін шаруа қожалығына берген жер қатынастары бөлімі әрекеттерінің заңдылығын тексеруді талап етіп, құзыретті органға базынасын жеткізген. Айтуларынша, әкімдік пайға берілген жерлердің құжаттарын толық рәсімдемеген, тіпті кейін халыққа ескертпестен оларды шаруа қожалығына бере салған. Осылайша тексеру барысында жер қатынастары заңнамасының бұзылу фактісі анықталды.  

Яғни, Андреев ауылдық округі аумағында орналасқан 6 жер учаскесін облыстық жер қатынастары басқармасы шаруа қожалығына жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде 49 жылға жалға берілген.  Мақсаты - тауарлы ауылшаруашылық өнім өндірісі.  Сот "Шығыс Қазақстан облысы Бородулихин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Жаңа Заря" Шаруашылық қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалған шарттарды жарамсыз деп танып, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау департаментінің талаптарын қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне әлі енген жоқ.  "Өкінішке орай, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жер учаскелерін беру кезінде азаматтардың құқықтарын бұзу фактісі анықталды. Өйткені, 2000 жылдардың басындажердің меншік иелерінің меншік құқығы құжаттары болған. Тіпті жаңа заңнама бойынша қайта тіркеуден өткен. Алайда жерді жобалау құжаттары толық рәсімделмеген. Біздің ойымызша, әкімдік пен шаруа қожалығының өкілдері мұны пайдаланып отыр", – деп жағдайды құқық қорғаушы Руслан Кибке түсіндірді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу