Өскемен қаласының тұрғыны Ново-Троицкое ауылының маңында заңсыз аңшылықпен айналысып жүріп, аюды атып өлтірген. Ол жыртқыштың етін жеке тұтыну үшін алуды жоспарлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар "Атаармс" 12 калибрлі және "Зауермод" 308 калибрлі шолақ мылтық, квадроцикл мен аю ұшасы тәркіленіп, сақтау үшін ветеринарлық зертханаға жіберілді.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 337 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi "Заңсыз аң аулау". Баптың ең жоғары санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.