Шығыс Қазақстан облысында бірқатар кен орны жабылды

2488

2025-2040 жылдарға қарай кейбір кен орындарында пайдалы қазбалар қоры сарқылады.  

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар кен орны жабылды

Ел аумағында 8 мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның 317-сі мұнай-газ конденсат, 910-ы қатты пайдалы қазбалар, 4 мыңға жуығы жер асты сулары және 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбалар кен орындарынан алынады. Бұл туралы үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. 
Оның сөзінше, геологиялық барлау саласында бірқатар өзекті мәселе бар. 

"Моно қалалардағы тау-кен кәсіпорындарының шикізат базасы тұрақсыз. Пайдалы қазбалар қорының азаюы және байырғы кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуі анықталуда. Мысалы, Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі жыл сайын 1 млн тоннаға дейін қысқарып келеді. Мұндай жағдай таяу болашақта Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да орын алуы мүмкін деген болжам бар. Соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстан облысындағы моно қалаларға жақын орналасқан Шемонайха, Юбилейность, Снегириха cынды шаһарлардағы ірі қорғасын-мырыш қоры түгел таусылып, кен орындары жабылды. Зерттеу қорытындысы 2025-2040 жылдарға қарай Орловское, Малеев, Тишенское, Ридер, Сокольный сияқты кен орындарында пайдалы қазбалар қоры сарқылатынын көрсетіп отыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу