Шығыс Қазақстан облысында ет өңдейтін зауыт салынады

1088

Шығыс Қазақстан облысында ет өңдейтін зауыт салынады

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында ұсақ және ірі қара мал мен жылқы етін өңдейтін зауыт салынады. Жоба кәсіпкерлердің қаражатына салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зауыт құрылысын Қаратоғай ауылында салады. "Арын" ауыл шаруашылығының иелері жылына 10 тонна шұжық, 17 мың дана консерві өндіруді көздеп отыр.

"Ғимараттар салынып бітті, алматылық фирмалармен технологиялық жабдық бойынша келісім жасалды. Зауытты екінші жартыжылдықта іске қосу жоспарлануда", - деді  Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Шоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу