Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, ер адам қаза тапты

212

Жол апаты Өскемен – Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.  

Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, ер адам қаза тапты Фото: noks.kz

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Өскемен – Риддер тасжолының 42-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ көлігі аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінде болған жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалған. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу