Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар кезең басталды

139

"Қазселденқорғау" филиалы қызмет көрсететін аумақта қар көшкінінің әсер ету аймағына түсетін 325 қар көшкіні шоғырлары, 93 шақырым автожолдар, сондай-ақ мейрам және демалыс күндері демалушылар саны 3 мыңнан асатын туристік және шаңғы базалары бар. 

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар кезең басталды Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан Республикадағы қар көшкіні қаупі бар өңірлердің бірі болып табылады. 

"Қазселденқорғау" ММ филиалы 20 қарды өлшегіш-қар көшкіні бағытын әзірледі, онда 160 қар өлшегіш төрткілештер орнатылды, оларда филиал мамандары қызмет көрсетеді. Қар көшкінінің жалпы жай-күйін анықтау мақсатында қар көшкінінің түсу қаупі, қар массасының жиналуы және қардың құрылымын анықтау үшін апта сайын қар көшкініне қауіпті учаскелерді жер үсті зерттеу жүргізіледі.  Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдардың бойында қар көшкіні қаупі бар кезеңіне ескерту қалқандары мен плакаттар уақтылы орнатылды", – "Қазселденқорғау" филиалының басшысы Советбек Станбеков деп атап өтті.

Қазіргі уақытта аймақтағы қардың биіктігі 5-тен 60 см-ге дейін, қардың ең көп мөлшері Самар ауданында, Риддер қаласында және Глубокое ауданында, Горная Үлбинка кентінде тіркелген.

Өткен жылы барлық қысқы кезеңде қар көшкінінің жалпы көлемі 230 мың текше метр болатын 101 профилактикалық түсіру жүргізілді.

"Тауға шықпас бұрын ауа-райының жағдайы туралы біліп алу қажет. "112" қызметінің дауылды ескертулері кезінде қар көшкініне қауіп төндірмеу керек",  ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев деп ескертті.

Мамандардың деректері бойынша қар көшкіні негізінен қар көп жиналатын таулы аудандарда болады. Қар көшкінінің түсуіне ұзақ қардың жауы, қардың қарқынды еруі, ауа ортасының ауытқуы, шаңғышылардың қар беткейін кесіп тастауы, қатты айқайлау және беткейлерден сырғанау себеп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу