Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

606

Түнде сағат 03.30 - 04.00 шамасында "Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері" республикалық маңызы бар автожолының 62-63 шақырымдарында қар көшкіні жүрді.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді Фото: baq.kz

Осыған байланысты, Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Жолшылар дереу қар тазалау жұмыстарына кірісті. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жұмыстар тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Мәселен, қазір ШҚО аумағында 90 бірлік арнайы техника мен 130 жолшы маман еңбектенуде.

Сонымен қатар жолшылар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, күнделікті патрульдеу аясында жолшылар "Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 54 шақырымында бұзылып, жолда қалып қойған жеңіл көлікті тапты. Жолшылар бұл көлікті Северное ауылында орналасқан жылы боксқа сүйреп апарып, көлік жүргізушісіне көлікті жөндеуге көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу