Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

389

Кәсіпорынға экологиялық талаптарды бұзған.   

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды Фото: ekaraganda.kz

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында Глубокое ауданындағы "Юбилейно-Снегирихинское" кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша "Шығыстүстімет" ЖШС-нің ұзақ уақыт бойы тиісті шара қабылдамағаны анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін облыстық Экология департаменті кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану салдарын жою және табиғатты қорғау шараларының орындалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым берілді.

Экологиялық заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу