Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық үшін 38 адам жауапқа тартылды

334

Жыл басынан бері 620-дан астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалғаны ресми түрде тіркелді.  

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық үшін 38 адам жауапқа тартылды Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын хабарламаған 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көші-қон қызметінің мәліметінше, осы кезеңде 620-дан астам адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқаны ресми түрде тіркелген. Анықталған жағдайлардың басым бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын алған адамдарға қатысты.

Мәселен, Алтай ауданының 21 жастағы тұрғыны басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы құзырлы органдарға хабарламаған. Тексеру барысында оның құжаттары тәркіленіп, Қазақстан азаматтығының жойылғаны ресми тіркелді.

Полиция өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарлау қажет екенін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу