Шығыс Қазақстан облысында күн жылынғаннан бері 500-ге жуық адамды кене шаққан

194

Оның 35-і бала. 

Шығыс Қазақстан облысында күн жылынғаннан бері 500-ге жуық адамды кене шаққан Фото: 7-su.kz

Зиянкестен зардап шеккендердің көбі Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай сияқты таулы аудандар мен Риддер, Өскемен қаласының тұрғындары.

Дегенмен мамандар аймақта әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмегенін айтады. Кене тек энцефалит қана емес, 30 шақты аурудың вирусын таратады.
Сондықтан оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды. Санитар-дәрігерлердің айтуынша, облыста иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті.

Екпе салатын арнайы кабинеттер де ашылған. Қазір өңірдегі кене ошағы бар аумақтарды зарарсыздандыру жұмыстары басталып кетті.

"Өткен жылмен салыстырғанда кене шағу көрсеткіші көбейіп тұр. Өйткені өздеріңіз білесіздер, көктемнің күрт жылынып, ерте келіп түсуіне байланысты. Бір қуанарлығы, кенеден зардап шеккендердің барлығы 97 проценті препаратпен қамтылды. Қалған 3 проценті белгілі себептермен медициналық көмекке жүгінбеген діктен серопрофилактикамен қамтылмады", - деді Гүлмира Қайратова, облыстық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу