Жеке тұрғын үй өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өз бетінше шығып үлгерген, алайда түтінге уланып қалған.
– Оқиға орнына келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар өткізді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады. Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапты, – дейді өрт сөндірушілер.
Өрт 80 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде бойжеткендер үйде болмаған.