Шығыс Қазақстан облысында өрттен көз жұмғандардың жартысы мас болған

359

Облыста жыл басынан бері 121 өрт шығып, 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында өрттен көз жұмғандардың жартысы мас болған Фото: qamshy.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс тұрғындарының арасында үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар көп.

Соның салдарынан биылған жылдың басынан бері 121 өрт шығып, 12 адам қаза болған.

Марқұмдардың 50% мас болған. Бұл қайғылы жағдайлар отты абайсыз қолданудан, соның ішінде үй ішінде темекі шегудің салдарынан тіркелді. 

"Өрттердің 42%-ы пешті жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан, ал 31%-ы электр аспаптары мен электр жабдықтарын монтаждау және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болды. Соңғы оқиға 28 наурызда Жаңа Бұқтырма кентіндегі 5-қабаттағы пәтерде тіркелген. Оқиға орнынан 46 жастағы пәтер иесінің денесі табылды. Келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан 14 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады", - делінген ақпаратта.

Департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, жеке тұрғын үй секторына рейдтер жүргізу кезінде мамандар үнемі бұзушылықтарды анықтайды. 

"Оның ішінде көбінесе пеш мұржасын уақтылы тазаламау, пештер мен электр сымдарының мүшкіл жағдайы тіркеледі. Азаматтардан өз қауіпсіздігі мақсатында өрт пен өлімге әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұраймыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу