Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды

562

Оқиға 14 қаңтар күні Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.  

Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды Фото: Inbusiness.kz

"Пушкин көшесінде орналасқан жер үйдеy өрт шықты. Бөлмелердің бірінде жиһаз, тұрмыстық техника мен заттар жанған. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 16 шаршы метрді құрады. Барлау барысында құтқарушылар дәлізден 31 жастағы әйел адамның денесін тапты", - ТЖД таратқан ақпаратта.

Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – төсекте жатып темекі шегу себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу