Өскеменде тіс емханасы 53 маманға жалақы төлемеген

265

Берешек көлемі 17,5 млн теңгеден асады.  

Өскеменде тіс емханасы 53 маманға жалақы төлемеген Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемендегі "Балалар стоматологиялық емханасы" ШЖҚ-дағы МКК қызметінде еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау барысында медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу міндеттемелерін орындамауы салдарынан 53 қызметкерге екі айдан астам уақыт жалақы берілмегені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астам жалақы қарызы толық өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу