Шығыс Қазақстан облысында табиғи өрт оқшауланды

221

Өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды.  

Шығыс Қазақстан облысында табиғи өрт оқшауланды Фото: Бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Өрт "Марқакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ақжайлау орманшылығы аумағында таулы жерде құрғақ шөп пен бұталардың жануынан шыққан.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиалесоохрана" күштері және ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" авиациясы жұмылдырылды.

Тікұшақтармен жалпы көлемі 4,5 тонна су болатын 9 рет су төгілді.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу