Шығыс Қазақстан облысында таулы жерде шөп өртенуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің аумағында шыққан дала өртінің жалпы ауданы шамамен 6 гектарға жетеді. Таулы жер мен қатты желдің салдарынан қызыл жалын бірден жан-жаққа тарап кетті. Техника жетуі қиын жер болғандықтан өрт сөндірушілерге жаяу жұмыс істеуге тура келуде", - делінген ақпаратта.
Тілсіз жауды сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ТЖД өрт сөндіру қызметінен 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта "Қазгидромет" ақпараты бойынша өрт орнындағы жел екпіні секундына 3 метрге жетеді.