Шығыс-Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

215

Экологиялық акцияға облыс бойынша 533 мың адам қатысып, 6,4 мың арнайы техника жұмылдырылған. 

Шығыс-Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда Фото: gov.kz

6 тамызда өткен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына Риддер қаласы бойынша 200-ден астам адам қатысты. "Журавлиха" өзенінің жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Акцияға "Жасыл ел" еңбек жасағының жастары, Риддер қаласының әкімі Д.Рахметқалиев, депутаттар, қала жұртшылығы, сондай-ақ еріктілер мен барлық тұрғындар қатысты.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Риддерде 30-дан астам ауқымды іс-шаралар өтіп, 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қосымша қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі, арнайы техника санын және қалада тазалықты сақтауға жауапты қызметкерлер штатын ұлғайту жоспарлануда.

Бұл акцияны қалалық ардагерлер кеңесі де белсенді қолдады. Төраға Ольга Александровнаның айтуынша, "Таза Қазақстан" акциясы-бұл қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін тамаша идея. Мұндай іс-шаралар қоғамға берер пайдасы зор. Әркім қандай да бір әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Біздің ардагер активіміз бұл акцияны толығымен қолдады және бүгін де біз қаламызды тазартуға ат салысуға келіп отырмыз.

"Жасыл ел" еңбек жасағының жастары екі ай бойы қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуда. Топқа жауапты Гончаровский Артурдың айтуы бойынша, "отряд жастарының саны жылдан жылға артып келеді, өйткені біздің жастар арасында жазғы кезеңде белсенді еңбек етіп қана қоймай, қаламыздың дамуына өз үлестерін қосқысы келетіндер де бар. Қаланың көгалдандырылуы, абаттандырылуы және қаламыздың экологиялық мәселелері жақсарып келеді".

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына облыс бойынша 533 мың адам қатысып, 6,4 мың арнайы техника жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.

204 саябақ пен бақтар, 323 тарихи-мәдени ескерткіштерді және 859 әлеуметтік нысандарды тазарту жұмыстары жүргізілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 км арық тазартылды.

Елді мекендердің 82 мың аула аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды.

Облыстың елді мекендері мен орман қорына 53 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Қоғам арасында бұл сынды іс-шаралардың өткізілуі болашақта жақсы дәстүрге айналуы мүмкін. Мұндай акцияларды өткізудің басты және жалпы мақсаты - жастарды күн сайын экологиялық мәдениетке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу