Бірнеше жылдан бері жұмыс істейтін ата-аналар осы уақытта баласын қайда жіберерін білмей қиналатын еді.
Биыл облыста маусым-тамыз айлары аралығында 100-ден астам балабақша жұмыс істейді. Қазір мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтар құрылып жатыр. Олар ата-анасы жұмыс істейтін балаларды қабылдайды.
"Маусым айында 17829 баланы қабылдайтын 169 балабақша, шілдеде 12944 орынға есептелген 122 балабақша, тамыз айында 12321 балаға арналған 114 балабақша жұмыс істейді", - дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу