Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

1259

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым жерде магнитудасы 3,5 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Қазақстан Геофизикалық зерттеулер институтының Сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығының мәліметіне сүйеніп, "ҚазАқпарат" МАА хабарлады.

"2016 жылы 21 қазанда Астана уақытымен 3 сағат 38 минутта (Гривич уақытымен 20 қазан, 21 сағат 38 минут) Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым, Талдықорған қаласынан 356 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Сілкініс ошағының координаттары: солтүстік ендік 46.69 градус, шығыс бойлық 82.30 градус. Магнитудасы mb=3,5. Энергетикалық классы K=8,0", - делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу