Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

437

Күршім ауданында магнитудасы 2 балл болатын дүмпулер сезілді.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңертең Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км. Оқиға таңғы сағат 6.00-де болған.

Зілзаладан ешкім зардап шеккен жоқ.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде өте сақ болып, тез арада ғимараттан шығу керектігін еске салады.

Егер көшеде болсаңыз биік ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен аулақ болыңыз.

Көлікте отырсаңыз тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.

- Ғимараттан шығып үлгермеген жағдайда қауіпсіз саналатын орындарға, қабырғаның, тіркетердің бұрышына немесе мүмкін болса үстелдің астына жасырыныңыз. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу