Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

723

Оның магнитудасы 4,6 бал. 

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

5 шілде сағат 08:20-да Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Энергетикалық класы 10,1 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 771 км қашықтықта, Зайсан көлі аймағында 25 км тереңдікте болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 47,65 градус, шығыс бойлық 89,47 градус.

"12 баллдық MSK-64 шкаласы туралы ақпарат жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу