Автор видеоның Катонқарағай ауданында түсірілгенін жазды. Жолда жайбарақат жүрген жыртқыш аю көлікті көріп тоқтап, кері бұрылды. Бірақ көлікке шаппаған.
Желі қолданушылары аюдың осы уақытта қысқы ұйқыда болуы керектігін жазып жатыр. Оның аш болуы мүмкін екендігін, жаяу жүргіншіге қауіп төндіретінін де ескертіп жатқандар бар.
Еске салсақ, осы жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында аю малға шапқан болатын.
Оқиға орнына барған комиссия мүшелері жануар терісінің қалдықтарын, кемірілген сирақтарын тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу