Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада үстіне тас құлаған кенші көз жұмды

234

Қайғыжыл жағдай "Артемьев" шахтасында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада үстіне тас құлаған кенші көз жұмды Фото: en.mchs.gov.ru

1 қыркүйекке қараған түні KAZ Minerals компаниясына қарасты "Артемьев" шахтасында үстіне тас құлап кеткен мердігер ұйымның үңгушісі қаза болды.

"Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге қатысу үшін сол жерге келді", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу