Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"15 қарашадан бастап, метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу