Шығыс Қазақстан облысының бас экологы пара алу үстінде ұсталды

313

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.

Шығыс Қазақстан облысының бас экологы пара алу үстінде ұсталды Фото: КазТаг

Желіде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Мамай Бутабаевтың пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушының сотқа дейінгі тергеу аясында уақытша қамауға алынғанын растайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қосымша ақпаратты кейін береміз", - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу