Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Амангелді Уәлиев ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын уақытында жинап алынатындығын айтты.
Өңірдің аудандарында дәнді дақылдар орылды. Сондай-ақ көкөніс пен бақша өнімдері де жиналды. Картоп жинау жұмыстары аяқталуға таяу. Майлы дақылдарды шаруалар қазан айының соңына дейін жеткізіп алмақ. Бүгінгі таңда оның 37 пайызы орылды.
"Әрбір дақылдың өзіндік жинау әдісі бар. Бидай тамыздың соңында қыркүйектің басында орылатын болса, күнбағыс қыркүйекте жиналады. Бізде әлі уақыт бар. Техника әзірге жүре алады. Оған қажетті жағармай да жеткілікті. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан көктемгі жиын-терінге 25 мың тонна отын бөлінді".-деді Уәлиев.
ҚазАқпарат