Шығыс Қазақстан облысының полициясы дауыс күшейткіші бар 10 жаңа дронды іске қосты

318

Ұшқышсыз аппараттар базарлар мен адам көп жиналатын орындарда профилактикалық жұмыстарға тартылып жатыр.  

Шығыс Қазақстан облысының полициясы дауыс күшейткіші бар 10 жаңа дронды іске қосты Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дауыс күшейткішімен жабдықталған 10 жаңа дронды пайдалануға енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы профилактикалық ұшулар базарлар, сауда орындары және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері аумағында жүргізілді. Ұшқышсыз аппараттар әуеден дауыс зорайтқыш арқылы тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке мүлікті қорғау және заң талаптарын орындау жөнінде ескерту жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, жаңа дрондар тек профилактикалық жұмыстармен шектелмейді. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға, аулаішілік аумақтар мен адам көп жиналатын жерлерді патрульдеуге, іздестіру-құтқару іс-шараларына қатысуға және жедел жағдайды әуеден бақылауға пайдаланылады.

Полицияның айтуынша, ұшқышсыз технологиялар кең аумақты қысқа уақытта бақылауға, азаматтарға маңызды ақпаратты жедел жеткізуге және полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті заманауи технологияларды енгізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және "Заң мен тәртіп" қағидатын тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу