Шығыс Қазақстан және Абай облысында жаңа 4 аудан құрылады

536

Мемлекет басшысының бұл жарлығы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. 

Шығыс Қазақстан және Абай облысында жаңа 4 аудан құрылады Фото: inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарын, Абай облысында Мақаншы, Жаңасемей аудандарын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Президент Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында:

“Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым”,– деп айтқан болатын.

Сонымен қатар, бұл – шекаралас аудандардың дамыуына, әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға тың серпін беретін шешім.

“Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе”, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ақжолтай жаңалықты жаңадан құрылған аудандардың халқы да зор қуанышпен қабылдап, Мемлекет басшысына алғысын білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу