Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы трансплантологияны дамытуды жалғастырып келеді. Мұны ДСМ штаттан тыс транспонтологы Серік Жарықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.
Серік Жарықовтың мәлімдеуінше, Қазақстандағы трансплантация 1979 жылдан бері жасалып келеді, алайда даму жолы 2010 жылдардың басында қарқын алды.
"Денсаулық сақтау министрлігі трансплантологиялық көмек бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Ондай орталықтар Астана мен Алматыда бар. Шымкентте де трансплантология орталығы бар. Ақтөбедегі орталық батыс өңірін қамтып отыр. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында орталық ашу жоспарланған", – дейді ол.
Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет адам жүрегі ауыстырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу