ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жәбірленуші көлік сатамын деп сендірген 27 жастағы ер адамға 350 000 теңге берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алайда алданып қалғанын түсінген азамат полицияға жүгінді. Бір айдан астам уақыт іздеуде болған күдікті Ақмола облысындағы демалыс базаларының бірінде ұсталды. Белгілі болғандай, ол сол жерде жасырынып келген", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 45 қылмыскерді ұстады. Олардың 19-ы бұрын жасалған қылмыстар үшін іздеуде болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу