Шығыс Қазақстанда 12 елді мекенді су басу қаупі бар

718

Шығыс Қазақстан таулы аймақ орналасқандықтан қар қалың түседі.   

Шығыс Қазақстанда 12 елді мекенді су басу қаупі бар Фото: inbusiness.kz

Салдарынан көктемде сай-салалардан су ағып, етектегі елдің мазасын қашырады.  Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков облыстағы өңір жұртшылығымен кездесу барысында 13 624 адам тұратын 59 елді мекенде су басу қаупі жойылғанымен, әлі 12 елді мекен бар екенін ескертті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

"Атап айтқанда, Глубокое ауданында – 8, Тарбағатай ауданында – 3, Алтай ауданында – 1 ауыл. Ондағы 416 үйде жалпы саны 1163 адам тұрады. Су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардан жол картасының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді сұраймын", - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі.

Айта кетейік, ресми ақпаратқа сүйенсек, өңір бойынша суы қорғалатын аймақта орналасқан 34 елді мекенде 4260 тұрғын үй бар.

"Су тасқыны кезеңіндегі мәселелерді шешу үшін Үкімет деңгейінде – 2023 жылға дейінгі жол картасы, ал облыстар деңгейінде – өңірлерді дамыту жоспарлары бекітілген. Соның нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысында 13 624 адам тұратын 59 елді мекенде су басу қаупі жойылды", - деді Марат Күлдіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу