Шығыс Қазақстанда 129 ауылда интернет жылдамдығы нашар

496

234 елді мекенде сымды интернет жоқ.

Шығыс Қазақстанда 129 ауылда интернет жылдамдығы нашар Фото: google

Облыстағы елді мекендердің 16 пайызы ғана 4G байланысымен қамтылған. Қалған елді мекендерде интернет жылдамдығы баяу.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек өңір жұртшылығымен кездескенде мәлім етті.

Ресми деректерге сүйенсек, облыстағы 363 елді мекеннің 129-ында интернет жылдамдығы баяу. Ауылдардың жартысынан көбі 3G байланысымен қамтылған.

- Бұл ауылдардың тұрғындары WhatsApp мессенджерін пайдалана алады. Бірақ ұялы телефонда интернеттің жылдамдығы өте төмен, - дейді Асхат Оразбек.

Оның айтуынша, 234 елді мекенде сымды интернет жоқ. Осы мәселені шешу үшін бірқатар шара қолға алынбақ.

- ШҚО-ны байланыспен қамту бойынша пилоттық аймаққа айналдырғымыз келеді. Бұл мақсатта қалалар мен ауылдарға бірнеше рет сапар жасадық. "Қолжетімді интернет" жаңа ұлттық бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар жүргізіледі. Облыс әкімдігі де антенна-матчталық құрылғыларды салуға қаржы бөліп отыр, - дейді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Осы орайда айта кететіні, интернет жылдамдығының баяулығы тек ауылдарда ғана емес, Өскемен қаласындағы Аль-Фараби даңғылының бойында орналасқан тұрғын үйлерде де нашар. Тұрғындар осы мәселе бойынша жиі шағымданады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу