Шығыс Қазақстанда 14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды

276

Күдікті Алматы қаласынан табылды. 

Шығыс Қазақстанда 14 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылы қаңтарда бес қылмыскерді ұстаған. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктінің бірі - алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып жүрген.

"Қазір сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары заңнан жасырынғандардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу