Шығыс Қазақстанда 150 адамнан екі адам ғана шетелдік көлігін заңдастырды

583

Көлікті елге әкелу туралы ақпарат табылмады.

Шығыс Қазақстанда 150 адамнан екі адам ғана шетелдік көлігін заңдастырды Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік көлікті заңдастыру жұмыстары басталып кетті. ХҚО-ға 150 адам мемлекеттік нөмер алуға өтінім бергенімен, қазірге оның екеуі ғана теркелді. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік автокөлікті тіркеу науқаны аясында Өскеменде алғашқы автокөліктер тіркелді.

- Көлігімді Ресей Федерациясынан 2022 жылы әкелдім.Енді мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып отырмын. Бұл халыққа деген нағыз қолдау. Көлігімді заңдастырып алғаныма өте қуаныштымын. Шетелдік көлікгін тіркегісі келетін азаматтарымызға орайды жіберіп алмауға кеңес беремін, - дейді облыс тұрғыны Анастасия Кузьмичева. 

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 150-ден астам адам көлігін заңдастыру бойынша өтініш білдірді. Олардың 90-нан астамы бірінші кезеңнің мақұлдауын алды. Әзірге жаңа нөмірді тек 2 автокөлік иесі тіркеді.

Көптеген тұрғынға заңдастырудан бас тартылған. Себебі көлікті елге әкелу туралы ақпарат табылмады, кедендік мәліметтер бойынша тексеру нәтижесі анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу