Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

262

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді Фото: canva.com

Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен іс қаралды.

Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

– 18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының "аса ауыр" алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу