Шығыс Қазақстанда 3 658 баланың құқығы қорғалды

325

Прокуратура араласқаннан кейін кәмелетке толмағандар міндетті медициналық тексерумен толық қамтылды.  

Шығыс Қазақстанда 3 658 баланың құқығы қорғалды Фото: gkb-8.ru

Алтай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында ауданның бірқатар кәмелетке толмаған тұрғыны жыл сайынғы міндетті профилактикалық медициналық тексеруден өтпегені анықталды. Бұл олардың мемлекет кепілдік берген уақтылы медициналық көмек алу құқығын бұзған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді. Соның нәтижесінде 3 658 кәмелетке толмаған бала профилактикалық медициналық тексерумен толық қамтылып, олардың құқықтары қорғалды.

Прокуратура өкілдері балалардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу