Шығыс Қазақстанда 325-тен астам учаскеде қар көшкіні түсуі қаупі бар

653

Қар көшкінін түсіру үшін 4 учаскеде жарылыс жасалды. 

Шығыс Қазақстанда 325-тен астам учаскеде қар көшкіні түсуі қаупі бар Фото: ТЖД ШҚО

Шығыс Қазақстанда 325-тен астам учаскеде қар көшкіні түсуі қаупі бар. Көшкін салдарынан болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тау бөктерлерінде жарылыс жасалды.

Қаңтардың басынан бері өңірде қалың қар жауып, боран соққан болатын. Бұл әсіресе, таулы аймақтарда қар көшкінінің түсу қаупін ұлғайтқан болатын. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қолдан жарылыс жасап көшкінді түсірді.

"Өскемен-Алтай" автожолында жер бедері жағынан ең күрделі учаскелердің бірі орналасқан. ШҚ филиалының мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары 4 жарылыс жасап, 11660 текше метр қар түсірді.

- Қар жамылғысының құрылымы мен оның қозғалысына талдау жасалады. Содан кейін қар көшкінін түсіру туралы шешім қабылданады, - деп түсіндіреді Қазселденқорғау филиалының ШҚ басшысы Омар Дүзгімбаев.

Құтқарушылар бес-жеті текше метр болатын шағын қар көшкінінің өзі адамға қауіп төндіруі мүмкін дейді. Сондықтан туристер мен автожолдардың қауіпті учаскелерінен өтіп бара жатқан жүргізушілерге алдын ала ауа райы болжамын қарап алу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу