2025 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 07:54-те (Гринвич бойынша 02:54-те), Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде болды.
"Жер сілкінісінің тереңдігі 16 шақырым қашықтықта жатыр. Оқиғаның энергетикалық класы 10,9 деп бағаланған. Қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ", – деп жазылған Қазақ Ұлттық Деректер орталығы хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу