Шығыс Қазақстанда 50 жастағы әйелдерден жүктілік анықталды

175

Шығыс Қазақстан облысында репродуктивті жастағы жоғарғы межеден асқан әйелдердің жүктілігі тіркеліп жатыр.  

Шығыс Қазақстанда 50 жастағы әйелдерден жүктілік анықталды Фото: canva

Шығыс Қазақстан облысында репродуктивті жастағы жоғарғы межеден асқан әйелдердің жүктілігі дәрігерлерді алаңдатады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Себебі, бұл жастан кейін әйелдердің денсаулығында түрлі асқынулар қаупі жоғары. 

Қазіргі таңда елімізде әйелдердің фертильді (балалы болуға қабілетті) жасы ресми түрде 49 жаспен шектеледі. Алайда бұған дейін бұл процедураны 49 жастан асқан әйелдер де қабылдай алатын.

2025 жылдан бастап ЭКҰ жасатуға рұқсат етілетін жасты 45 жаспен шектеу жоспарланған. 

"45 жастан кейін ана мен бала өміріне төнетін қауіп жоғарылайды. Өткен жылы ЭКҰ арқылы 52 жастағы әйел сәби сүйді. Биыл 47 жастағы әйел табиғи жолмен босанды. Қалай болғанда да, біз әйелдерді толық медициналық тексеруден өтуге, созылмалы ауруларын емдеуге және жүктілікті алдын ала жоспарлауға шақырамыз", – деп мәлімдеді ШҚО бас репродуктологі Надира Слямханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу