Шығыс Қазақстанда 52 жастағы әйелдің мәйіті өзен жағасынан табылды

479

Әйел адамның жоғалғаны туралы хабар 10 тамыз күні түскен.

Шығыс Қазақстанда 52 жастағы әйелдің мәйіті өзен жағасынан табылды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, 10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.

Ол таңғы сағат 7.17-де Калинина көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейбіреулер полицияға оның Үбе өзеніне қарай бара жатқанын көргенін жеткізді.

"Кеше, 10 тамыз күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу