Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды

153

Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. 

Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды Фото: Neftegaz.RU

Вегетациялық кезеңге дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысының "Қазсушар" филиалы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атап айтқанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылды.

"Шығыс Қазақстан облысында биыл вегетация маусымы 10 күнге ерте басталды. Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды", – деді Шығыс Қазақстан облысының "Қазсушар" филиалының директоры Нұржан Әміржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу