Шығыс Қазақстанда 600 басқа арналған сүт фермасы іске қосылады

59

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі инвестициялық аграрлық жобаны жүзеге асыру жалғасуда. 

Шығыс Қазақстанда 600 басқа арналған сүт фермасы іске қосылады Фото: АШМ

Алтай ауданының Солоновка ауылында "Елжас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 600 бас ірі қараға арналған заманауи сүт-тауарлы фермасының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылуда. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы шеңберінде шаруашылыққа 1,2 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Қазіргі уақытта симментал және голштин тұқымдарының 400 бас асыл тұқымды малы сатып алынды. Сонымен қатар шаруашылық 10 заманауи ауыл шаруашылығы техникасын иеленді. DeLaval компаниясының технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген. 

Ал сауу залы толықтай автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған, жұмысты бастауға дайын тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу