Шығыс Қазақстанда 69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

125

Ол өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. 

Шығыс Қазақстанда 69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Людмила Плотникова алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған.

Ұзақ уақыт бойы Людмила Плотникова жаңа құжатты қажет етпеген, дегенмен Қазақстан Республикасының азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінуге шешім қабылдаған.

Көші-қон қызметкерлері оған барлық жағынан қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарын жинауға көмектесіп, мұқият тексеру жүргізіп, тиісті органдарға сұрау салған. 2025 жылдың ақпан айында ол барлық рәсім аяқталған соң, алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды.

Азаматша мамандарға көмек көрсеткені үшін алғысын айтып, енді Қазақстан азаматы ретінде барлық құқығын пайдаланып, әлеуметтік қызметтерді кедергісіз ала алатынына қуанышты екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу