Шығыс Қазақстанда 7 басшы жауапкершілікке тартылды

277

Мемлекет кірісіне 5,5 млн теңге қайтарылды.  

Шығыс Қазақстанда 7 басшы жауапкершілікке тартылды Фото: el.kz

"Ұлан-Вет" ШЖҚ КМК қызметін тексеру барысында еңбек және бюджет заңнамасы, бухгалтерлік есеп талаптары мен еңбекті қорғау нормаларының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде еңбекақыны заңсыз есептеу, қызметкерлерге негізсіз сыйақы беру, белгісіз төлемдер жасау және жалған іссапар шығындарын рәсімдеу фактілері әшкереленді. Сондай-ақ ұстау, стерилизациялау, вакцинациялау және жануарларды қайтаруды қамтитын ТСВҚ бағдарламасын іске асыру кезінде де заңбұзушылықтарға жол берілген.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқудан өтпеген адамдардың жұмысқа жіберілгені анықталды. Бұл еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 11,3 млн теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бес лауазымды тұлға тәртіптік, ал екі басшы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі таңда мемлекет кірісіне 5,5 млн теңге өндірілді. Қалған соманы өндіріп алу және заңдылықты толық қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу