/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 440,60 Brent 36,55
Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды

Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды

Өртті сөндіруге барлығы 12 адам және 3 техника жұмылдырылды.  

14 Шілде 2020 20:54 128

Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство 13 шілде күні таңғы сағат 4-те Глубокое ауданындағы Горная Ульбинка ауылында жеке тұрғын үйде өрт болғанын хабарлады. Жалын 49 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар жеке тұрғын үйге келгенде қабырғалардың, жабынның, шатырдың, терезе және есік блоктарының ағаш құрылымдары, сондай-ақ жиһаздар, жеке заттар жанып кеткен. Өрт салдарынан шатыр құлаған.

Құтқару жұмыстары барысында 80 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жалынды ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі сөндірді. Үй толығымен жанып кетті.

Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өздерінің және жақындарының қауіпсіздігі туралы алдын ала ойлануға шақырады.

 

Алматыда сағат жолаушылар автобусы өртенді

Өрт арнайы техниканың көмегімен 8 минутта сөндірілді. 

04 Маусым 2020 16:13 229

Алматыда сағат  жолаушылар автобусы өртенді

«101 қызметіне 14:47-де куәгерлер өрт туралы хабарлады. Өрт сөндіру қызметі 5 минутта жетті. Оқиға орнында  2014 жылы шығарылған Yutong маркалы газбен жүретін жолаушылар автобушы жанып жатты. От жарнама тақтасына өтіп үлгерген», - деп хабарлады ТЖД. 

Өрт арнайы техниканың көмегімен 8 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге 12 адам, 4 техника жұмылдырылды. Ал көлікті басқарған жүргізушінің оң қолын күйік шалған. Ол ауруханаға барудан бас тартқан. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Құралай Құдайберген
 

Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы өрт ауыздықталды

Бүгін таңертең апат болған үш ауылдық округте де өрт сөндірілді, тағы екі ауылдық округте өрт ауыздықталған. 

23 Қыркүйек 2019 09:42 637

Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы өрт ауыздықталды

Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы ауқымды өрт ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды сөндіруге 90-нан астам адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға орнына қонған МИ-8 тікұшағы таңертең өрт сөндіру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, Баянауылға тағы бір МИ-26 тікұшағы барады», – дейді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, дереккөз ұлттық паркте он бір арнайы техника: 6 өрт сөндіру машинасы, 3 самосвал және соқасы бар екі МТЗ тракторы жұмыс істеп жатқанын айтты. Өрт сөндіруге 90-нан астам адам жұмылдырылған.

«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасы» республикалық кәсіпорнының МИ-8 тікұшағы ұшып келді. Ол таңғы сағат 7:00-де өрт сөндіру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, таңертең ауданға тағы бір Ми-26 ұшағы келеді», - деді Баянауыл аудандық әкімдігінен.

Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов кеше күндіз өрт сөндіретін штаб құрып, орын алған оқиға туралы еліміздің вице-премьері Роман Склярға хабарлады.

«Аудан басшысы 23:00-де оқиға орнына жетті. Павлодардан қосымша 4 өрт сөндіру техникасы жіберілді»,– деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін таңертең апат болған үш ауылдық округте де өрт сөндірілді, тағы екі ауылдық округте өрт ауыздықталған. Сонымен қатар, Баянауыл ұлттық паркінің таулы жерлерінде де өрт сөндіру жалғасып жатыр.