Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

656

Бұл - негізінен жайылымдық алқаптар.  

Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: egemen.kz

Нәтижесінде аймақта шабындық пен жайылымның жетіспеушілігі 11 мың гектарға дейін азайды, деп жазады inbusiness.kz облыстық басқармаға сілтеме жасап. 

Дегенмен Ұлан, Самар, Глубокое мен Қатонқарағай аудандарында мал жаятын жер әлі де тапшы. Қазір облыста 62 мың гектардай жайылымдық алқаптар жетіспейді. Мәселені реттеу үшін салаға жауапты басқарма мамандары өңірдегі орман шаруашылықтарының аумағаныдағы алқаптарды да шаруаларға рәсімдеп жатыр.

"Биыл қыркүйек пен қараша айларында біз аймақтағы жалпы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген тексерістің қорытындысын шығардық. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан мыңдаған гектар жер анықталды. Оны иеленіп отырған азаматтарға жазбаша ескертеулер берілді. Былтыр облыста жайылмыдық үшін 62 мың гектар жер жетпесе, биыл бұл көрсеткішті 11 мың гектарға түсірдік", - дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу