Шығыс Қазақстанда 2 адамды пойыз басып кетті

124

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда 2 адамды пойыз басып кетті Фото: freepik

Бүгін сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) темір жол бойына шыққан екі әйелді пойыз басып кетті. Бірі оқиға орнында жан тапсырып, екінші адам шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Пойыз машинисі темір жолға шыға келген әйелді көрген бойда қозғалысты шұғыл тежеуге талпынған. Алайда пойызды тоқтатып үлгеру мүмкін болмады. Оқиға салдарынан бірі қаза тауып, екінші әйел жарақат алды. Оны бірден ауруханаға жеткізді", – делінген хабарламада.

ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жапа шеккен жанның тезірек сауығып кетуін тілейді.

"Компания азаматтарды теміржолда болу ережелерін қатаң сақтауға, өте мұқият және сақ болуға шақырады. Темір жолы – қауіптілігі жоғары аймақ. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін", – деп жазды "Қазақстан темір жолы" ҰК".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу